Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шахизада ұлының ажырасқаны үшін кешірім сұрап, жылап қалды

Шахизада артынан ерген атұстарын жалғыз өсірген. Сондықтан да ол ажырасудың тауқіметін жақсы түсінеді. Ұлым менің қателігімді қайталамаса екен деп қанша тырысып баққанымен, тағдырға қарсы тұра алмады. Жалғыз ұлы Олжас жұбайымен ажырасып, екінші рет шаңырақ көтерді. 

Шахизада ұлының ажырасқаны үшін кешірім сұрап, жылап қалды

Шахизада 7-арнаның "Гу-гу-лет" бағдарламасында ұлының ажырасқаны үшін кешірім сұрап, көзіне жас алып қалды, деп жазады Stan.kz.

"Осы уақытқа дейін жасырып келдім. Шынын айтайын, кешегі күнге дейін ішімнен тынып, әр адам өз өмірі үшін жауап беру керек. Кеше ғана Ләззат келініммен араластым. Араласамын да, болашақта көмектесемін. Оған ақылымды айтып отырамын, егер тыңдайтын құлақ болса...

Бірақ ұлым екеуі 5 ай бұрын айырылысып кетті. Тоқтата алмай қалдым. Өйткені көп себеп бар. Қаншама ақылымды айттым, бірақ тыңдамады. "Анашым, біз өзіміз шешейік" деді", - дейді әнші.

Өнер иесі ұлы мен немерелерін ойлап таңды таңға атырғанын айтады. Әйткенмен ол осы уақытқа дейін келініне қарсы сөйлемегеніне сенімді. Соған қарамастан, екі жастың айырылысуына мен де себеп болуым мүмкін деген ол жылап қалды. 

"Екі баламның ажырасуына мен себепкер болсам, кешірім сұраймын. 

Менің еш қатысым жоқ. Бірақ құдаларымнан да кешірім сұрап, хат жаздым. Мүмкін екі жастың айырылысып кеткеніне мен де кінәлі шығармын. Күнде кешірім сұраймын", - дейді Шахизада. 

Әнші бүгінде немерелерін қатты сағынады, солардың болашағы үшін алаңдайды. Ал ұлы Олжас араға бес ай салып, басқа келіншекпен шаңырақ көтерді. Алғашқы келінін қимаса да, ұлының бақыты үшін әншінің екі жасқа бақыт тілеуден басқа амалы қалмаған көрінеді. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
  

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр