Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шүкеев топ-менеджерлердің бонусын талқылау әдепсіздік деп түсінеді

 Шүкеев  топ-менеджерлерге берілетін  бонустарды көпшіліктің талқысына салу, әлемдік дәрежедегі топ-менеджерлердің Қазақстанға  жұмысқа келмей қоюына әсер етеді  деп есептейді. “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ басшысы  Өмірзақ Шүкеев 2015 жылы ешқандай табыс болмағандықтан компанияның топ-менеджерлеріне ешқандай  бонус берілмейтінін айтты.

шүкеев

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтарына сілтеме жасай отырып STAN.KZ хабарлайды.

«Бонустар компанияның табысына байланысты. Ең көбі үш айлық жалақының көлемінде төленеді. Бір соманы алып әр бір 15 адамға деп есептемеу керек. Керісінше сол соманы 15 адамға бөледі, ол дегеніңіз айтарлықтай көп емес»-деді Шүкеев.

Сондай-ақ, ол  топ-менеджерлердің бонусын көпшілік алдында талқылау әдепсіздік деп түсінеді.

«Ол инвестицияға тікелей әсер етеді. Кім бізге келеді (жұмысқа)? Біз өзімізде әлемдік дәрежедегі  менеджерлердің жұмыс істегенін қалаймыз ғой. Кім келеді бізге егер оның бонустарын  парламентте, БАҚ талқыға салып жатса? Инвестиция жақсы даму үшін осындай талқылардан аулақ жүруіміз керек»,-дейді Шүкеев.

Ол биыл табыс аз болғандықтан компанияда ешкім бонус алмайтынын да жасырмады.

Талқылау