Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шүкеновтің көпшілікке ұсынып үлгермеген жаңа әнін жолдастары жарыққа шығарды

 «Нас исцеляет любовь» атты туынды әншінің мезгілсіз қазасына байланысты аяқсыз қалған болатын. Айта кетейік, бүгін Батырхан Шүкеновтің өмірден өткеніне 2 жыл толды.

шүкенов

 

Әнші аяқтай алмай кеткен әнді соңына дейін жеткізген жолдастары бейнебаянын да жасап беріпті. Басты рөлде – Батырханның өзі. Өмірден өткен әншіні клипті түсіргендер ерекше етіп, құммен көрсеткен. Клипте композитор киіз үй мен табиғаттың аясында жүр.

«Нас исцеляет любовь» әнін жарыққа шығаруға марқұмның Ресейдегі таныстары да атсалысыпты. Тірі болғанда, әнші Батыр алдағы 18 мамырда 55 жасқа толар еді. Достары енді осы күнге орай музыканттың әндер жинағын да жарыққа шығармақшы.

«Жаңа альбомның мұқабасын дайындап жатырмыз. Қосымша қаражат тапқан күні әндерді жаза бастаймыз. Батырдың тірі кезіндегі арманын қалай да орындауымыз керек»,-деді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.

Оқи отырыңыз:

“Біз ұялмаймыз!” Ел алдында жалаңаштанғанды ұнататын әртістер (фото)

Елімізде Димаш жайлы кітап жарыққа шықты

Роза Рымбаева: Мені де талай мемлекетке шақырған

Кәмшат Жолдыбаева: Қыздар мені сынамай, үлгі алсын

Головкинмен деңгейлес тағы бір қазақстандық боксшы анықталды

Мейвезер, Пакьяо мен Тайсон Астанаға келмек

11 жастағы Нұрия Сүлеймен спортта 80 медаль жеңіп алған

Петропавлда бокс чемпионы науқас анасымен бірге лашықта тұрып жатыр (фото)

Талқылау