Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Сезімге, бір болатынымызға сендік": Азамат Сатыбалды неге үйлену тойын жасамағанын түсіндірді

Азамат Сатыбалды неге үйлену тойын жасамағанын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Ревью" бағдарламасына сілтеме жасап.

Актер дүйім жұртқа жар салып, ұлан-асыр той жасамағанын жасырмады. Азамат Сатыбалды мен актриса Назгүл Қарабалинаның арасындағы сезім сенімге құрылғанға ұқсайды. Олар той жасамасақ та, жақсы өмір сүріп келеміз дейді.

"Менің тойым да болған емес. Назгүл екеуіміз үйленген кезде жағдай да болған жоқ. Назгүл кәдімгі ақ көйлек те киген жоқ. Жай ғана екеуіміз келісіп, бір-бірімізге сендік, сезімге, бір болатынымызға сендік. Отбасыларымыз ол жақтан да, мен жақтан да қарсы болған жоқ. Солай өмір сүріп келе жатырмыз. Жаман емес ", - дейді Азамат Сатыбалды.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр