Сейітқазы Матаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 17:16

Қазақстан журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан айырылды.

114478

Фото: Sputnik

Сейітқазы Матаев пен оның «ҚазТАГ» ақпараттық агенттігін басқарған ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және аса ірі көлемде салық төлеуде жалтарды деп айыпталып отыр. Әкесі мен ұлы өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ.

Сотталушылар сот залына кірген кезде адамдар қошемет көрсетіп, қолдау білдіріп отырды. “Сейітқазы Матаев кінәлі деп танылып, өмір бойына басшылық қызмет атқару құқығынан айырып, мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен алты жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілсін”, — деп оқыды төрағалық етуші судья Ақболат Құрмантаев.

“Әсет Матаев кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеумен жазасын жалпы режимдегі колонияда өтеумен бес жылға бас бостандығынан айыру үкімі кесілсін”, — деп қосты судья.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Матаевтың 2011-2015 жылдары Ақпараттандыру комитеті мен “Қазақтелеком” АҚ мемлекеттік саясатты ақпараттық ілгерілікте және баспа бетінде материалдарды орналастыруға бөлген 300 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлау фактісін анықтағанын хабарлаған болатын. Сонымен бірге Матаев 1,4 млрд. теңге таза пайда келтіре отырып, 327 млн. теңге көлеміндегі салықтарын төлеуден жалтарған.

Бұған дейін Сейітқазы Матаев пен ҚазТАГ агенттігінің президенті ұсталғанын, Сейітқазы Матаевтың қан қысымы көтерілгендіктен ауруханаға түскенін, ақша жеді деп күдікке ілінген Матаевтар тағылған айыпты мойындамағанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

24 жастағы бойжеткен байқаусызда 68 жастағы өзінің туған атасына күйеуге шыққан

Қытайда басы өзгепланеталықтікіндей болған қорқынышты ер адам табылды (фото, видео)

Қытайлық жігіт сүйіктісіне деген махаббатын 999 қорап мүшеқаппен білдірді (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар