Сейітқазы Матаевтың қан қысымы көтерілгендіктен ауруханаға жайғастырылды

Жұма, 8 Сәуір , 2016 13:50

Қазақстан журналистер одағының төрағасы, “мемлекет қаржысын  жымқырды” және “салық төлеуден жалтарды” деген күдікпен тергеліп жатқан Сейітқазы Матаев ауруханаға түсті.

1456737853op5h3_1000x768

Сурет: vlast.kz 

Бұл туралы КазТАГ хабарлайды.

Алматыдағы кардиологиялық орталық Матаевтың 7 сәуір күні кешке түскенін хабарлады.

Алматы қалалық жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері Матаевқа шақырту қағазын жеткізіп, оның тергеуге міндетті түрде келуін сұраған. Сол уақытта Матаевтың қан қысымы көтеріліп кеткен. Матаевтың адвокаттары жедел тергеу тобының жетекшісін Сейітқазы Матаев денсаулығына байланысты тергеуге бара алмайтынын айтқан.

Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бері үйқамақта отыр. Оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің жетекшісі Әсет Матаев та үйқамақта отыр. Олар мемлекеттен ақпараттық саясатқа бөлінген қаржыны жымқыру ісі бойынша күдікті ретінде танылып, қамауда отыр. Матаевтар өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарып, істі үкіметтік емес бірлестік пен ақпарат құралына қысым деп бағалайды.

Бұған дейін Қазақстан журналистер одағының басшысы үй қамағына алынғанын және денсаулығы нашарлап ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар