Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Севилья” Европа Лигасын үшінші рет жеңіп алды (видео)

Испаниялық футбол клубы “Севилья” Европа Лигасының финалында ағылшындардың “Ливерпулін” 3:1 есебімен жеңіп, кубокты бастарына көтерді.

5_09023a0c_d_850

Сурет rg.ru

Швейцарияның Базель қаласындағы “Санкт-Якоб Парк” стадионында өткен кездесуде бірінші болып ағылшын командасы есеп ашқан. 35-ші минутта Даниэль Старридж қарсылас қақпашыны қапы қалдырып кетті. Алайда екінші таймда бұл допқа Кевин Гамейро үн қатып, есепті теңестіре алды. Ал 64-ші және 70-ші минутта испан ұжымының капитаны Коке дубль жасап, командасына сенімді жеңіс сыйлады.

Осылайша “Севилья” бұл турнирді үш рет жеңіп, келесі жылы Чемпиондар Лигасында ойнау мүмкіндігіне ие болды.

Талқылау