Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев пен Василий Левит Астана балаларын Жаңа жылмен құттықтады

Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде балалар мерекесі өтіп, оған қонаққа Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» клубының бас директоры Серік Сәпиев пен Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстан құрамасының боксшысы Василий Левит келді.

20151225114808

Танымал спортшылар елорда балаларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әрқайсына Қазақстан бокс федерациясынан сыйлық табыстады. Оларға Аяз ата мен Ақшақар көмектесті, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен.
«Балалар – еліміздің болашағы. Осындай шараларға қуана қатысамын. Жаңа жыл мен сыйлықтарды тағатсыздана күтіп жүрген балалардың қуанышты көздерін көрген қуантады. Барлықтарыңызды Жаңа жылмен құттықтаймын!» – деді Серік Сәпиев.

20151225114830
Василий Левит балаларға ересектердің тілін алып, сабақты жақсы оқу, спортпен айналысу тілегін білдірді. Балалар түрлі байқаулар мен викториналарға қатысты, ең белсенділері арнайы сыйлықтар алды. Шараның соңында олар боксшылармен, Аяз ата мен Ақшақармен суретке түсті.

20151225114824

Талқылау