Серік Сәпиев обыр дертін жеңген 18 жастағы жігіттің арманын орындады

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қарағандының бірнеше жыл бойы обырмен алысқан 18 жастағы тұрғынының арманын орындап, оған қонаққа келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Жас жігіт Николай Часовских көптен бері өз кумирімен кездесуді армандаушы еді. Волонтерлар онкологиялық ауруды жеңген жанкүйердің хабарын Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровқа жеткізді. Ол Серік Сәпиевке хабарласып, жанкүйермен ізгі кездесуді ұйымдастыру жағын кеңесті. Ұзақ уақыт бойы қатерлі аурумен күресіп, түбінде жеңіске жеткен жерлесі жайлы естіген мәжілісмен Сәпиев уақыт тауып, Николайдың үйіне қонаққа келді.

Сәпиев жанкүйеріне құралақан келмей, гироскутер сыйға тартты. Ол Николайға жоғары оқу орнына түсіп, тәуір мамандық иесі атану жоспары әлбетте орындалатынына сендірді. Чемпион Николайдың ерекше жігерлі екенін айтып, диагнозын білген бойда тағдыр қиындығына үнсіз бағынбай, өмір үшін күрескеніне алғыс білдірді.

«Баламның арманы орындалды. Николай құрмет тұтатын Серік Сәпиевпен кездесті. Бұл кездесу баламды жігерлендіре түсті», – дейді Николайдың анасы. 29 қаңтарда жас жігіт 18-ге толады.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда 11 жастағы қыз өз кәсібін ашып, табыс тауып отыр

Қостанай тұрғыны қарындасының басын кесіп тастады

Ауғанстанда содырлардың шабуылы салдарынан Қазақстан азаматы ажал құшты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
28.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар