Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев депутаттыққа сайлап жатса, бас тартпайтынын айтты

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс съезінде Олимпиада чемпионы, «Астана Арланс» бокс клубының басшысы Серік Сәпиев ҚР Парламенті Мәжілісіне ұсынылатын партиялық тізімде бекітілді. Осыған орай, ол тілшілерге берген сұхбатында халық қалаулысы болуға дайын екенін айтты. 56ab19a53fc8c1454053797

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Сізді депутаттыққа сайлап жатса, «Астана Арланс» клубының басшылығынан кетесіз бе?» деген сауалға Серік Сәпиев: «Әрине, дайынмын. Партия мені ұсынып жатыр, ары қарай депутаттыққа сайлап жатса, одан бас тартпаймын. Мен қандай жауапкершілікке бара жатқанымды білемін, сондықтан барлығына да дайынмын. Мен бұл тақырыпта туыстарыммен, жақындарыммен, достарыммен талқыладым. Депутаттыққа ұсынылған Геннадий Головкин, Илья Ильин сынды спортшылардың пікірін білмеймін бұған байланысты, бірақ бір рет сұрадым, әрине, алайда оған олардың тарапынан жауап болмады», – деді С.Сәпиев съез отырысы аяқталысымен.

Оның айтуынша, депутаттық мандат үлкен жауапкершілік және ол спортшы ретінде елдегі халықтың спорттық әлеуетін арттыруға, спорттың сала ретінде қарыштауына үлес қосуға құлықты.

«Бізде халықтың кемінде 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту мақсаты қойылған. Соның жолында тиісті жұмыстар жасалуда. Бізге халықтың спортқа деген көзқарасын өзгерту қажет. Мысалы, Қарағандыда спорт саласы жақсы дамыған, мен басқа өңірлерге барып көріп жүрмін. Салыстырып жүрмін. Сондықтан мен барлық өңірлерді аралап, спортты насихаттауға тырысамын. Қазақстанның барлық өңірлері қалыс қалмағанын қалар едім», – деді С.Сәпиев.

Талқылау