Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев ауылдық мектептерде ағылшын тілінен сабақ береді

Қазақстанда ауылдық мектептің оқушыларын ағылшын тілін үйренуге тарту үшін “English for Jastar” жобасы іске қосылды. Ол ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінен бастап қараша айына дейін жүзеге асырылатын болады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Bnews.kz-ке сілтеп.

Серік Сәпиев ауылдық мектептерде ағылшын тілінен сабақ беретін болады

Осы шара барысында 28 тіл маманы 140-тан астам отандық мамандар 9-11 сынып оқушыларына ерікті түрде ағылшын тілін үйрету үшін аймақтарға барады.

Олардың қатарында олимпиада чемпионы, сондай-ақ парламент мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев те бар.

««Болашақ» Қауымдастығының мүшесі ретінде “English for Jastar” әлеуметтік жобасына қатысатыныма қуаныштымын. Жобаның ауқымы өте үлкен. Мен де ауылдың баласымын және өз уақытында ағылшын тілін білу менің алға қойған мақсатыма жетуге көмектесетінін түсінгенмін. Бұл жоба ауылдық мектеп оқушыларының ағылшын тілін үйренуге деген құлшынысын ынталандыратынына сенімдімін. Оларға тілді жақсы меңгеру үшін көп күш қажет екенін түсіндіреді деп сенемін. Шет тілін үйренуді үлкен спортпен салыстыруға болады. Мұнда, дәл спорт секілді. Чемпион тәрбиелеу үшін алдымен жаттығуды бала кезден бастап бастау керек»,-дейді Серік Сәпиев.

Сонымен қатар, Сапиев өз тәжірибесі арқылы ағылшын тілін үйренудің маңыздылығын көрсеткісі келетінін айтты.

«Әрине, мен барлық уақытта оқушылармен бірге бола алмаймын. Бұл үшін ол жерде арнайы еріктілер жүреді. Мен өз тарапымнан ағылшын тілін үйренуге қосымша ынта беруге тырысамын. Менің өзім ағылшын тілін бір жылдан астам уақыттың ішінде оқып, үйренгенмін», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба Қазақстанның 14 өңірінде пилоттық режимде екі ай жұмыс істейтін болады. Жобаның мақсаты – оқушыларға ағылшын тілінің деңгейін жетілдіруге және қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға көмектесу.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау