Серік Қонақбаев: Қазақстан үнемі AIBA тарапынан қысым көріп келеді

Халықаралық бокс ассоцияциясының (AIBA) қазақстандық экс-кандидаты, әйгілі спортшы Серік Қонақбаев әлемдегі әуесқой бокс жайлы пікір білдірді.

Фото: ҚР ҰОК

Айта кетейік. 3 қараша күні Мәскеуде Серік Қонақбаев AIBA президентін сайлау кезінде өзбекстандық Гафур Рахимовтан жеңіліп қалды. Гафур Рахимов 86 дауыс жинады. Бастапқыда дауыс беру электронды түрде болды. Кейін қағаз бюллетень арқылы дауыс жинады, деп жазады Vesti.kz.

“Мен бірінші кезекте еліміздің бокс федерациясына алғыс айтқым келеді. Тимур Асқарұлына ерекше алғыс айтам. Таңдау қиын болды. Бізде уақыт шектеулі еді. Сол үшін ашық насихат жүргізбедік. 48 дауыс еліміз үшін жақсы нәтиже. Бұл тарихи алғашқы оқиға”, – деді Қонақбаев.

Спортшының айтуынша, елімізге AIBA тарапынан қысым көрсетілген. Азия ойындарының төрелігінде қазақстандық төреші болмағаныны айтты.

Біз AIBA тарапынан ерекше қысым көрдік. Азия ойындарында Қазақстаннан еш төреші болған жоқ. Бізге қарсы жұмыс жасалды. Күрескенімізбен әкімшілік ресурс біз жағында болған жоқ. Бірақ жақсы тәжірибе болды. Болашаққа жақсы жоспарларымыз бар. Енді біз жеңуіміз керек. Спортшыларымыз өздерінің дұрыс қамқорда екенін сезінетін болады. Біз ешкімді сотқа бермейміз. Біздің дәстүрде ондай жоқ. Бізге тек қана шыдап, көну керек, – деді Қонақбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар