Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов жұрт алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Танымал әнші Серік Ибрагимов өзінің сүйіктісі Айнамкөз есімді аруға сөз салды.

image

Фото: bodrug.ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші ұсыныс жасауға ерекше дайындалған екен. Саябақта жүруге арналған пойызды жалдап, оны әсем шарлармен безендірген. Мұнымен қатар, өміріндегі маңызды сәтті тамашалауға барша достарын шақырған.

“Сүйiншi! Серік Ибрагимов қызына жүзiк ұсынып, қолын сұрады! Иә, деген жауап алдық! Үйлену тойы алда! Пойызбен келіп, жаяу түсіп жарын тапты”, – дейді әншінің продюсері Алтынбек Рахметов.

Жаңалықты естіген тыңдармандары қуанышына ортақтасып, әншіге бақыт тіледі. Естеріңізде болса, жұрт Серік Ибрагимовты Кәмшат Жолдыбаеваға қосқан болатын. Алайда әншінің сүйіктісі Кәмшат емес, өнерге еш қатысы жоқ Айнамкөз есімді бойжеткен болып шықты.


Жіберіп алмаңыз:

Ғашықтар мерекесінде астаналық азамат сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Жанкүйер жігіт сүйіктісіне Қазақстан Суперкубогы матчы кезінде ұсыныс жасады

Астанадағы океанариумде жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Рано Омароваға сүйіктісі тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Талқылау