Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов жұбайын бүкіл елдің алдында «тәпішкім» деп еркелетті (видео)

Өткен күзде алматылық арумен шаңырақ көтерген әнші Серік Ибрагимов тыңдармандарының көзінше жары Айнамкөзбен телефон арқылы тілдесті. Қисынсыз сөздерді қолдана отырып жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды.

Screenshot_17

Әнші «Қазақстан» ұлттық арнасының «Түнгі студия» бағдарламасына қатысқан болатын.

Көзі қарақты көрермен аталған бағдарламаның «Бос сөз» айдарының шарттарымен жақсы таныс. Онда тележүргізуші студия қонағына әртүрлі сөздер көрсетіп тұрады. Ал ол өз кезегінде сол сөздерді қолдана отырып әңгіме құрайды. Қызығы да сол, телефонның ар жағындағы адам бұл ойыннан хабарсыз келеді.

Сөз арасында әнші жұбайын «тәпішкім» деп еркелетеді. Одан кейін әйеліне «пингвин туралы мультфильм көрген жоқсың ба?» «жаным, Роналду немесе ЭКСПО туралы анекдот айтшы» деп қисынсыз сұрақтар қояды. Ал Айнамкөз биязылық танытып, сыпайы ғана жауап береді.

Жіберіп алмаңыз:

Айнұр Тұрсынбаева: Жұрттың бәрі бақытты, сіз неге мұңаясыз?

Ақбота Сейтмағанбеттің парақшасын ресейлік хакер иемденіп алды

Әнші Мақсат Базарбаев қажылыққа аттанды (фото)

Жанкүйерлері Мәдина Сәдуақасованы голливуд жұлдызымен салыстырды (фото)

Талқылау