Серік Ибрагимов жаңа бейнебаянын түсіру үшін базар аралап жүр (видео)

Әнші Серік Ибрагимов жаңа әніне бейнебаян түсіру жұмысына кірісіп кеткен. Осы мақсатта әнші Қызылордадағы базарлардың біріне барып, тұрғындармен суретке түсті, деп жазады Stan.kz.

Серік Ибрагимов жаңа бейнебаянын түсіру үшін базар аралап жүр (видео)

Белгілі болғандай, Ибрагимов туған жеріне арнап «Сыр елім» әніне бейнебаян түсірмек.

«Бүгінгі күн керемет болды. Базарға барып, апаларыммен суретке түсіп, біраз көңіл көтеріп қайттық. Алла бұйыртса. Туған жеріме арналған Әл-Фараби Бекарысұлы бауырымның сөзіне жазылған «Сыр елім» атты әніме бейнебаян түсіргелі жатырмыз», – деп әнші Instagram желісіндегі парақшасында жаңалығымен бөлісті.

 

Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына тәнті болды. Пікір қалдырушылардың дені Ибрагимовке сәттілік тілеп, еңбегінің табысты болуын тілесіп жатыр.

«Серік өте қарапайым бала. Амандығыңды тілеймін», «Жаңа бейнебаяныңа сәттілік. Хит болады деп сенемін», «Қазақтың сендей әншілері көбейсін. Қарапайым, өзін жұлдыз санамайтын, базарда емін-еркін жүретініңе ризамын. Жұлдызың жансын!» – дейді пікір қалдырушылар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар