Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов өзін аямай сынаған әріптесімен татуласты

Өткен жылы “Қысқа кимеші қарындас” әнін жарыққа шығарып, аруларға үндеу жолдаған Серік Ибрагимовті, әріптесі Калия сынға алған еді. Тіпті, бикеш арнайы акция жариялап, нәзік жандылардың қарсылығын да жеткізді. Араға уақыт сала, қос тарап бір шешімге келген көрінеді.

Серік Ибрагимов өзін аямай сынаған әріптесімен татуласты

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Ғаламтордағы атышулы хэштегке – арқау болған дәл осы ән. Нәзік жандыларды жөнге салуға ниеттенген Серіктің бұл бастамасы, әнші Калияға жақпай қалған еді.

“Қоғамдық мәселе көтеремін десең, айтатын өте көп нәрсе бар. Зорлық-зомбылық, тастанды балалар, жалғызбасты аналар. Мүгедектердің де мәселелерін де көтеруге болады. Қоғамдық мәселелердің ішінде, қысқа көйлекті таңдағаны мен үшін өкінішті”, – дейді Калия.

“Біздікі шамамыз келгенше, қолымыздан келген дүниені жасау ғой. Қалғаны өздерінің саналарында, өздерінің ой-еріктерінде деп ойлаймын”, – деген еді Серік.

Қос өнерпаздың текетіресі, былтыр қазнеттің қызу талқысына түсті. Ғаламтордағы бір дүйім ел Ибрагимовты иманды жігіт деді, екінші тарап Калияның ұстанымын заманауи көзқарасқа балады. Десек те, желідегі жөнсіз жанжал жалықтырса керек, біраз уақыт бір-бірін жүзбе-жүз көрмеген әріптестер таяуда кездесіпті.

“Серікпен кездескенмін Астанада. Мені көріп, сәлеміміз түзу. Бетімнен сүйді. Серікте маған реніш жоқ. Менің де Серікке ренішім жоқ. Менің айта кететінім, ол Серіктің өзінің жеке акциясы болды. Мүмкін ол, тек қана қыздарды жөндеу емес, қоғамды жөндеу туралы ойы болған шығар”, – дейді Калия.

Серік пен Калияның бас қаладағы жүздесуінде «Қысқа кимеші қарындас» акциясы ұзақ талқыланған. Сонымен, әлеуметтік желіде айқасқан әріптестер, қандай шешімге келді?

“Қарындастар өздері шешу керек!” – дейді Калия.

Талқылау