Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ибрагимов әншілікті тастап, мал баққысы келетінін айтты

Серік Ибрагимов алдағы уақытта әншілікті тастап, мал баққысы келеді. Ауылдың баласы болғандықтан, жылқыға, малға тартып тұрады дейді өнер иесі.

Серік Ибрагимов

Бұл туралы Stan.kz Hit-Tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Әзірге табыс жағы өнерден ғана. Алдағы уақытта мал баққым келеді, шынымен. Жылқы жинап деген сияқты. Ауылдың баласымын ғой, сондықтан өзіме ұнайды. Мал бағып, оны көбейтіп, қалаға ет пен қымызды экспорттап, сондай болғым келеді. Бұл жақта міндетті түрде қосымша дүниелер болады ғой”, – дейді Серік.
Ибрагимовтің пікірінше, бүгінде оның өмірінің мәніне айналған өнер уақыт өте келе жай ғана қызығушылыққа айналып қалуы мүмкін.

“Біразға дейін тез-тез әндерді айтып, билете бермейтін шығармын. Себебі балалы-шағалы боламын. Қазір өнер – менің жұмысым, өнерім, болашақта өнер хоббиім болатын сияқты”, – дейді Серік.

Сондай-ақ, Серік өзін той әншісі деп бөлетіндерге өкпе-назын жеткізді.

“Тойда да сол көрермен ғой. Тойға келетін 300 адам сол концертке де келеді. Бір концертке бөлек, тойға бөлек адам келетін сияқты. Бөліп-жарудың қажеті жоқ. Екеуінде де халықтың алдында өнер көрсетесің, халыққа беретінің бір”, – дейді әнші.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау