Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Ахметов 2 миллиардтан астам ақшаны бюджетке қайтарды

Ахметовтің жақындары қарызды қайтарды. Осылайша, 2 миллиард 200 миллион теңге мемлекетке келтірген шығыны толық өтелді дейді экс-премьердің адвокаттары.

пер

Бұл туралы “КТК” арнасы хабарлады.

Аталған сома Серік Ахметовтың Қарағанды облысын басқарған тұста жүрген «Топар жылыжайлары» компаниясы мен Индустриалдық парктегі кәріз құбырының құрылысы кезінде талан-таражға түскен қаражат екен. Экс-премьер шығынды өтеу арқылы өзіне тағылған баптардың ең ауырын жеңілдетпек болғанға ұқсайды. Ал оның аудандық сот шешіміне жазған апелляциялық арызы ертең қаралмақ.

Естеріңізге салсақ, Серік Ахметов былтыр желтоқсан айында мемлекет мүлкін талан-таражға салды, кәсіпкерлікке кедергі келтірді және заңсыз кәсіп жүргізді деген айыппен 10 жылға сотталған.

Талқылау