Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Серік Абас-шах доллар бағамының тұрақсыздығын сексуалды қатынасқа теңеді

Танымал продюсер Серік Абас шах күн сайын көтеріліп не құлдырап сан құбылған долларға байланысты пікірін әлеуметтік желі арқылы білдірді.

12338686_493696594141438_1958544695_n

Бұл туралы продюсер Инстаграм парақшасында жариялады.

Серік Абас-шах доллар бағамының тұрақсыздығын сексуалды қатынасқа теңеді. “Теңге мен доллар “белсендi сексуальды” қатынаста сияқты. Бipece, жоғары шығады, бipece, төмен түседi. Бipece, жоғары шығады, бipece, төмен түседi”, – деп жазады ол. 

Бұған пікір білдірушілер сол арада продюсердің басқа теңеу таппағанына қынжылса, енді бірі “екіқабат болып қалмаса шүкір” деп әзілдеп үлгерген.

Желі қолданушылардың біразы продюсердің мұндай анайы пікірін сынға, енді бірі “екіқабат болып қалмаса шүкір” деп қағытқан.

Айта кетейік, Серік Абас-шах көпшілікке көгілдір экраннан көрсетілген “Жетпіс жеті күн”, “Абайдың қара сөздері”, “Ұят болмасын”, “Алтыбақан”, “Ауылдың алты ауызы”, “Өлең сөздің патшасы”, “Еркектің аты еркек”, “Әйелдер-ай, әйелдер”, “Сіздікі дұрыс, бірақ” “Гәкку”, “Тартыс” т.б. телебағдарламалардың жетекшісі ретінде танылды.

Талқылау