Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сергей Пономарев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жайлы ролик авторын әшкере қылды (видео)

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Пономарев өзінің Facebook парақшасында салымшыларға хабарландыру жариялады. Ол банк жүйесінің алаяқтығы жөнінде видео таратқан авторды әшкерелеп жазды.

Танымал журналист өзінен желіде тараған Ермек Нарымбаевтың ролигі жайында сұраушылардың көбейіп кеткенін айтады. Осыдан соң ол ТҮҚЖБ хабарласып, мән-жайлы анықтауды тапсырды.

«Қазақстандықтардың көбі баспана мәселесін шеше алмай, пәтер жалдап жүргенде өзіне саяси жарнама жасаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұл мәселе қазақстандықтар үшін маңызды. Керісінше, адамдар ТҮҚЖБ-ның баспана алуға көмектесетінін білуі керек», – дейді Сергей Пономарев.

Оның айтуынша, видеороликте 200 жылы заем алып 2 айдан соң ақшасын төлемей кеткен клиент жайлы айтылады. Қазіргі уақытта ол клиент банкке қарыз.

“Роликте айтылған ақпарат тексерістен өтпеген. Ақпарат бұрмаланып, адамдарды адастырмақ болды. Бұл автордың кәсібилігі жоқтығын көрсетеді. Ол өзі айтуынша, елімізде тұрмайды”, – деп сөзін аяқтады Пономарев.

Талқылау