Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сербияда ер кісі тікелей эфирде тілшіге тапанша кезенген

Сербияда полиция жергілікті телевидениеде тікелей эфир хабары жүріп жатқан кезде жүргізуші қызға тапанша кезенген ер кісіні іздестіріп жатыр.

17-01-16-pistolet-1 (1)

Бұл туралы «Россия24» телеарнасы хабарлады.

Тікелей эфир хабары барысында «қалжыңбас» жігіт қалтасынан тапаншасын суырып алып, оны әлде камераға, әлде жүргізуші қызға қарата кезенген. Айта кету керек, журналист қыз, шамасы, тікелей эфир жүргізуден тәжірибесі мол немесе жүйкесі темірдей мықты болуы керек, мұндай оқыс жасалған оспадар қимылға аса сыр бере қоймапты. Ол өзіне көшеде кездескен жүргіншіні көргендей қолын сілтей салып, хабарын жүргізе беріпті

Талқылау