Сеніңіздерші, қатты өкінемін: Денис Тенді өлтіргендерді мақтаған жігіт сотта жылап жіберді

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін оны өлтіргендерді мақтаған бұрынғы мұғалім Шерхан Байзеновтің ісіне қатысты кезекті сот тыңдалымында прокурор сотталушымен процессуалдық келісім жасасудан бас тартып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Шерхан Байзенов.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сот отырысы барысында сотталушыдан жауап алынды. Ол Денис Теннің өліміне қатысты желіде жазған пікірінің мән-жайын айтты.

«20 шілдеде «Инстаграм» желісінде Теннің өліміне қатысты көптеген жазбаны байқадым. Ол кезде мен оның (ред. Денис Тен) кім екенін білмедім. Сол сөзді жазып Stories қызметінде жарияладым. Бұл жерде мен Денис Теннің жеке басын айтпадым. Ұлтаралық алауыздық тудыру туралы ойым да болған жоқ. келесі күні мен «Инстаграмдағы» тікелей эфирде бүкіл Қазақстаннан кешірім сұрадым. Оны «стористе» де жарияладым. Кінәлі екенімді білемін. Қатты өкінемін. Қазіргі уақытта науқас анамның жалғыз асыраушысымын», – деген Шерхан Байзенов көз жасына ерік берді.

Сот отырысында куәгер Данара Құлдыбаевадан да жауап алынды. Ол бұрынғы мұғалімнің атышулы жазбасын алғашқылардың бірі болып көрген екен.

«Сыныптастардың тобына біреу Шерхан Байзеновтің жазбасын жіберді. Ол біздің мектепте мұғалім. Оны білемін. Мен оның жекесіне жазып, сөзінің дұрыс еместігін, олай айтуға болмайтынын жаздым. Ол маған әлі кішкентай екенімді және ештеңе түсінбейтінімді айтып жауап берді. Мұнан кейін біз оның жазбасының суретін блогерлер мен басқа да қоғам белсенділеріне жібердік. Мен оны жазалағанын қалаймын. Ол мұғалім ғой. Үлгі береді», – дейді Данара Құлдыбаева.

Сот тыңдалымы кезінде мемлекеттік айыптаушы Байзеновті ҚР ҚК 174-бабы 1-тармағы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) бойынша кінәлі деп танып, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Өз кезегінде Шерхан Байзенов соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады.

«Мен өкінемін. Қатты өкінемін. Маған сеніңіздерші. Соттан мені бас бостандығымнан айырмауды сұраймын. Анамның жанында қалуыма мүмкіндік беріңіздерші. Оның менен басқа ешкімі жоқ. Мен мұның бәрінен сабақ алдым. Сот әділ шешім шығарады деп үміттенемін», – дейді айыпталушы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар