Сенің жұртың шынымен де ұсақ па: Танымал ақын Денис Тенді жоқтап, елді жылатты

Танымал ақын Серік Сейтман қаза болған Денис Тенге жоқтау арнады. Өнер жұлдыздары спортшыны еске алып, қайырлы болсын айтты.

денис тен

© AP Photo / ARIS MESSINIS

“Тағдырыңды таңып берген пышаққа
Сенің жұртың шынымен де ұсақ па?!
Мұз үстінде ойнақтаған құлыншақ,
Қинадың-ау!
Симадың-ау құшаққа!”, – деп жазды ақын Серік Сейтман.

“Көліктің айнасы емес, елдің айнасын ұрлады ғой, қаныпезерлер…
Жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз!”, – деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

“Қашан, қалай кететінімізді Алла біледі!Алла қамқорлығына алсын, чемпион”, – деп жазды Ғаділбек Жанай.

“Қазақстанның мақтанышы Денис Тен дүниеден озды. Қатыгездерге сөзім жоқ. Жаратушы ием! Жанын жәннәтта ете гөр”, – деп жазды Сәкен Майғазиев.

“Жаның Жәннатта болсын, Денис! Әрдайым инстада жазып отыратын едiм, “адамдар жауыз боп бара жатыр” деп. Дәлелi осы! Ендi қайдағы бiр көлiктiң айнасы үшiн ажал құшты. Неге? Өмiрiң тек айнаның құны болғаны ма? Қазағымды әлемге танытып жүрген Ердiң өлiмi қабырғамызды қайыстырды. Ерiм дейтiн ел болмаса, Елiм дейтiн ер қайдан болсын ендi. Кiшкене мейiрiмдiрек болыңдаршы деп, тағы айтайын. Жауызды өмiрiнiң соңына дейiн бас бостандығынан айырсын! Кез келген ауыр жазаны қолдаймын! Басқаларға сабақ болсын! Аллам өзi бердi, өзi алды. Тек дұғадамыз! Туған-туыстарына қайғырып көңiл айтамыз!”, – деп жазды әзілкеш Нұрболхан.

“Маңдайымызға сыймай кеткен жұлдызымыз -ай ….25жаста аққан”, – деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

“Өкінішті!
Біздің қоғамның сиқы осы. Ұрлық жасау оңай, пышақ соғу оңай, бәрі оңай! Өткенде жиенімді де пышақ соғып өлтіріп еді. Бүгін міне Денис. Базардан көп кездестіресің айна ұрлап бизнес жасайтын жігіттерді! Нәтижесі міне! Адал еңбекпен кәсіп істей алмасаң, ұрлығыңды жаса да, адамға зияның тимесін да. Айна ұрлағыш, қасапшы жігіттер оқитын шығар менің парақшамды. Намыссыз жігіттер көбейіп кетті. Ұрлық түбі қорлық. Алла жазаңды берсін деп қоймай, заңды да қатаң түрде қолдану керек. Ия, Алла елімізге тыныштық берші!”, – деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар