Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенегалдағы діни телеарна ойламаған жерден порно көрсете жөнелді

Сенегалдағы діни мәндегі хабар тарататын Touba TV ислам телеарнасы айналасында өрбіген дау толастар емес.

photo_210962

Бұл туралы Reuters хабарлайды.

20 наурыз күні кезекті бағдарлама кенет тоқтап қалып, оның орнына экранда “өрескел порно” мазмұнындағы көрініс көрсетіле бастаған. Көрермендер телеарна өкілдеріне хабарласып, жағдайды баяндауға асыққан.

Артынша наразылық тудырған көрініс тоқтатылады. Бірақ, соның өзінде ол 30 минут уақытқа созылып кеткен. Ел билігі телеарна басшылығынан болған жағдайға түсініктеме беруді талап етті.

Телеарна басшылары болған жағдайға қатысты “құпия мақсаты бар қылмыскердің ісі” екенін баяндаған. Толыққанды ақпарат әлі жария етілген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Мұсылман ханзадасы әлемнің ең тартымды бойдақ жігіті атанды (фото)

Әкесі үш жасар қыздың жыланмен ойнап отырған сәтін түсіріп алған (видео)

Сәбиін иттің қарауына тастап кеткен ана көпшілікті таңғалдырды (видео)

Ғалымдар 700 жыл бұрын өмір сүрген кедейдің қаңқасынан оның түр-әлпетін жасады

Талқылау