Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатта Жер кодексінің нормаларына мораторий жариялаған заң жобасы мақұлданды

Сенаторлар Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялаған заң жобасын мақұлдады. Енді құжат мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.

заңыыыыы

Нақтылайтын болсақ, заң жобасына сәйкес, ағымдағы жылдың соңына дейін шетелдік азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, жарғылық капиталындағы шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері әзірге жалға берілмейді.

Мұнымен қоса, отандастарымызға жер телімдерін жекеге сатып алу құқығын беретін нормалар да уақытша күшін жойды. Сенаторлар алдына келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Жер реформасына қатысты әлі де ортақ пікір қалыптасқан жоқ.

«Егер біздің жедел желіге түсіп жатқан қоңырауларды талдасақ, онда он мыңнан астам сұрақ пен ұсыныстар келіп түскенін көріп отырмыз. Бұдан бөлек жер туралы сайт ашылған болатын, онда мыңдаған сұрақ келіп түсті. Осының бәріне де жауаптар берілуі тиіс. Ең қызығы, сұрақтардың 80 пайызы Жер реформасына қатысты емес. Олардың дені он сотық жер алуға байланысты болып отыр. Сондықтан қандай да бірыңғай ортақ пікірдің қалыптасқаны туралы айтуға ертерек,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев

«Елбасы осы заңға қол қоятын болса, Жер кодексі бұрынғы қалпында жұмыс істей береді. Бірақ мораторий жарияланған баптар 31 желтоқсанға дейін күшін жояды. Оған дейін 75 адамнан тұратын Жер реформасы туралы комиссия жұмысын жалғастырмақ»,-деді ҚР парламенті Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов.

Талқылау