Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенаторлар қазақстандық жол полицейлеріне алатаяғын қайтаруды сұрады

Сенат депутаты Георгий Ким Қазақстан полициясына алатаяғын қайтару туралы ұсыныс жасады, деп хабарлайды Sputnik.

Сенаторлар қазақстандық жол полицейлеріне алатаяғын қайтаруды сұрады

Депутат палатаның отырысында премьер-министріне осы мәселе бойынша өтінішін айтты. Депутаттың пікірінше, мұндай норманың қажеттілігі отандық БАҚ-та бірнеше мәрте жазылып, аймақтық кездесулер кезінде айтылды. 

Сондай-ақ түнгі уақытта жол-патрульдік офицерлерін көлік басып кете жаздаған төрт оқиға болды. (Алматы, Астана және Шымкент).

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз тек қана қозғалысты басқару үшін алатаяқты пайдаланудың орындылығы туралы мәселені қарастыруымыз қажет деп есептейміз», - деді депутат.

Сонымен қатар, депутат жол полициясы қызметкерлерінің талаптарын тек Қазақстан жүргізушілері ғана емес, сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттер мен ЕАЭО аумақтары арқылы тауарлар мен көлік құралдарын транзитпен айналысатын жүргізушілер түсінуі тиіс екендігін түсіндірді.

Қазақстанда 2017 жылдың басынан бастап полицейлердің алатяақ қолданылуы тоқтатылды.

Бұдан бұрын ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха полиция қызметкерлеріне алатаяғын қайтару қажеттігі туралы айтқан болатын. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр