Сенаторлар бір күндік жалақысын қайырымдылыққа аударады

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 11:30

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата спикері Қасым-Жомарт Тоқаев әріптестеріне бір күндік жалақыларын «Қазақстан» телеарнасында басталған «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафонына аударуды ұсынды.

20160725020348

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

«Бүгін Мемлекет басшысы бастама жасап, Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау көрсеткен «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны өтеді. Бұл мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық шарасы. Сондықтан қарсы болмасаңыздар Сенат депутаттарына бір күндік жалақыларын қорға аударуды ұсынамын», – деді Сенат төрағасы.

Айта кетейік, қайырымдылық телемарафонын коғам қайраткерлері, депутаттар, ақын-жазушылар, спортшылар, дәрігерлер мен ауыр науқасын жеңгендер қолдады. Ал Қостанай, Өскемен, Орал, Тараз және Алматы қалалары тікелей эфирге қосылады.

Жоба біріші рет ұйымдастырылып отырған жоқ. 2016 жылдың сәуір айында алғашқы «Шын жүректен» аса ауқымды қайырымдылық телемарафоны жүзеге асырылды. Үшкүндік телемарафон қорытындысы бойынша шамамен 41 миллион теңге жиналды, ал көмекке зәру балалардың барлығының есепшоттарына 700 мың теңгеден аударылды.  Қауырт желі, интернет-портал және әлеуметтік желідегі арнайы парақша арқылы 1000-нан астам өтініш түсті.

Жіберіп алмаңыз:

Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді

Назарбаев қызылордалық ертегіші қызға кітап сыйлады

ШҚО әкімі қоластындағы қызметкерлердің жұма намазға баруына тыйым салды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар