Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатор жат ағымды дәріптейтіндердің телеарналарда жұмыс істеуіне тыйым салуды ұсынды

Сенаторлар шаласауатты молдаларды сынады. Себебі, имамдар дінінен адасқандарды тура жолға салмақ түгілі, жамағат ұйып тыңдайтындай уағыз айтуға білімі де жетпейді. Тіпті депутат Мұрат Бақтиярұлы жат ағымды насихаттап жүрген адамдардың мемлекеттік мекемелер, университеттер мен телеарналарда жұмыс істеп жүргеніне танданысын жасыра алмады. Бұл туралы КТК хабарлайды.

пиам

Сурет bnews.kz

“Еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін радикалды діни ағымдағы көзқарасты мығым ұстанып, оны насихаттап жүрген азаматтарды мемлекеттік құрылым, орта, жоғары, арнаулы оқу орындары, бұқаралық ақпаралық құралдарында жұмыс істеуге тыйым салу керек. Ащы да болса шындық, біздің көптеген имамдарымыздың діни сауаттылық, шешендік сөйлеу өнерінің төмендігі, уағыздарының өмірден алшақтығы көңілге қаяу түсіреді”, – деді Сенат депутаты Мұрат Бахтиярұлы.

Ақтөбедегі терактіні алға тартқан сенатор, оқушылардан бастап жас жігіттердің жат ағымға қосылуы молдалардан кінәсі деп есептейді. Оның үстіне имамдар санасы уланған әсіредіншілдерді райынан қайтаруға қорқасоқтайды. Бөлініп жүретін жамағатпен намазда кездескенімен, араласқысы келмейді.

Дәстүрлі дінді мойындамайтын жігіттер де имамдарды тыңдауға құлықсыз. Ал депутаттар бұл тығырықтан шығу үшін айлығы 40-50 мыңнан аспайтын молдалардың жалақысын көтеріп, жұмыссыздықпен күресу керек деп отыр. Сонымен қатар теріс ағымды насихаттайтын сайттар мен әсіресе “Вконтакте” желісін жабуды премьер-министрден талап етті.

Талқылау