Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенатор еліміздегі ең қорқынышты әскери бөлімді атады

Отардағы әскери бөлімде жұмбақ жағдайда көз жұмған сарбаздың қазасына сенаторлар араласты! КТК арнасының хабарлауынша, депутаттар Қорғаныс министрлігінен Саян Сатыбаевтың мәйітіне қайтадан сараптама жүргізуді талап еткен.

20140515142842

Сурет ҚазАқпарат

Себебі депутаттар да Ақмола облысынан Отарға аттанған жас жігіттің өзіне қол салғанына күдікпен қарайды. Сондықтан Қорғаныс министрінен істің ақ қарасын ашып айтуды сұрап отыр. Оның үстіне марқұмның ата-анасы да әскерде ұлдарын ұрып өлтіргеніне сенімді.

Бірақ, министрлік 22 жастағы сарбаз “асылып өлді” деген ресми қорытынды шығарып қойған. Тіпті, Саян Сатыбаевтың денесіндегі, саусақ пен арқасындағы көк дақтар өлген адамға тән өзгерістер деген-ді. Одан қалды, қабырға мен омыртқасының сынбағанын айтқан. Алайда, сұрағы көп бұндай ресми қорытынды сенаторлардың да түсінбестігін туғызып отыр.

“Бауыр еті баласының өз-өзіне қол жұмсағанына ата-анасы неге сенбейді? Неге күмән келтіреді? Әлде осы әскери бөлімдерде әлімжеттілікті жасырып, әскери шенділеріміз тек өздерінің мундирлерін абыройларын сақтап жүрген жоқ па? Әскерге баратын балаларымыз тек осы Отарға түспесе екен дейтін ата-аналар көп”, – деді Сенат депутаты Жабал Ерғалиев.

Талқылау