Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сен оны сипасаң, ол пырылдайды: жапондар мысықты алмастыратын жастық ойлап шығарды (фото)

Күздің салқын кешінде жылы үйде қасыңа мысық жатып, оны сипап, пырылдағанын естудің өзі үй ішінде жанға жайлы атмосфера қалыптастырады. Бірақ, оны үнемі тамақтандыру, тазалығына күттімен қарауға келгенде ерініп қалатынымыз рас. Өнертабыстың шыңына шыққан жапондар сипаған кезде құйрығы қозғалатын робот-жастықшалар ойлап шығарған.

Бұл туралы Oddity Central жазады.

Qoobo – Yukai Engineering Co компаниясы құрастырған жастық. Оны сипаласаңыз болды құйрығын бұлғаңдатады. Егер кімде кімнің аллергиясы болса, не болмаса мысық ұстау мүмкін болмаған жағдайда осы жастықты сатып алса тамаша болмақ.

Бірер жыл бұрын компания дизайнері жаңа пәтерінде үй жануарын асырау мүмкін болмағандықтан мысығын ата-анасына тастап кетеді. Сол кезде ол өзін және басқа да адамдарды күйзелістен құтқаруға себеп болатын жаңалық ашуға бекініпті. Дизайнер негізгі функциясы мысықтың әрекеттеріне негізделген роботты жасап шығады.

Жаңа өнер табыс CEATEC 2017 көрмесінде таныстырылған. Ол сатылымға келесі жылы түседі, бағасы 100 доллар шамасында болады. Оның құрастырушыларының айтуынша жастық сегіз сағат бойы тынымсыз жұмыс істей алады, шаршаса оны USB арқылы қуаттауға мүмкіндік болады.

Жіберіп алмаңыз:

Мамандар 2017 жылы ең көп сатылған смартфонды анықтады

Пластикалық ота жасатқан қытайлық қыздар елдеріне қайта алмай отыр

Қытайда аңызға айналған әлемдегі ең биік шыны көпір шытынай бастады (видео)

24 сағат бойы телефоннан көз алмаған бойжеткен соқыр болып қалды

Талқылау