Семіз деп, мазақ қылған: Аштықтан көз жұмған оқушының анасы қызының өліміне құрдастарын кінәлады

Аптасына екі-ақ рет тамақтанып, аштықтан ашал құшқан Прикамьедегі 14 жастағы оқушының анасы қызының өліміне сыныптастарын айыптады. Әйелдің айтуынша, жасөспірімдер Аленаны семіз деп мазақ қылған.

Семіз деп, мазақ қылған: Аштықтан көз жұмған оқушының анасы қызының өліміне құрдастарын кінәлады

Бұл туралы life.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

“Оны мектепте семізсің деп мазақ қылған. Ал, ол сыныптастарының сөзін өте эмоционалды түрде қабылдап, сол сәттен бастап ештеңе жемейтін болды”, – деді қаза тапқан 9 сынып оқушысының анасы.

Көз жасы көл болған ана қызының мәселесін өзі шешуді ойлап, дәрігердің көмегіне жүгінбегенін айтты.

Алайда, аштықтан жүдеп көз жұмған қыздың өліміне қатысты жүргізілген тергеу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері ол тұрған пәтерде мүлде азық-түлік болмағанын атап өтті.

Естеріңізде болса, кеше Ресейдің Прикамье қаласында 14 жасар қыздың аштықтан жүдеп көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз. Алдын ала деректер бойынша, 14 жасар жасөспірімнің анасы туған қызын аптасына екі-ақ рет тамақтандырған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
18.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар