Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семіз әйел күйеуін қарнымен тұншықтырып өлтіріп алды

АҚШ тұрғыны Винди Томас өз сүйіктісін қарнымен тұншықытырып, өлтіріп алғанын мойындады.

Семіз әйел күйеуін қарнымен тұншықтырып өлтіріп алды

Бұл туралы GoErie.com порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Оның ісіне қатысты сот тыңдалымы Пенсильвания штатының Эри округінде сотта өтті. Наурыз айында салмағы 133 келі болатын 44 жастағы Томас азаматтық некедегі күйеуі Кино Батлермен ұрысып қалған. Ол күйеуін үстелдің аяғымен ұрып-соғып, артынша қолын пышақпен тілгілеген. Мұнан кейін әйел салмағы 57 келі болатын ер адамның бетіне қарнымен жатып алған. Нәтижесінде Томастың астынан шыға алмаған ер адам тұншығып өлді.

Семіз әйел күйеуін қарнымен тұншықтырып өлтіріп алды

Томастың қорғаушысы Марк дель Дуканың сөзінше, қорғауындағы әйел күйеуін әдейі өлтірмеген. Айтуынша, Томас ішімдік ішіп алып, ес-түссіз күйде Батлердің үстіне құлаған. Әйел оянған кезде не болғанын түсініп, бірден полиция шақырады.

Алайда прокурор бұл нұсқамен келіспеді. Ол марқұм ер адамның басында үстелдің аяғымен ұрғаннан пайда болған жаралар болғанын айтты. Өз кезегінде бұл Томастың сүйіктісіне зақым келтіргісі келгенін дәлелдейді, дейді прокурор.

Судья Томасты кінәлі деп таныды. Ол 18 жылдан 36 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Соттың нақты шешімі желтоқсан айының соңында жарияланады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау