Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік шенеунік есімін өзгертпек болған ер адамның шағымынан соң жұмыстан қуылды

Семей қалалық неке бөлімінің жетекшісі мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді. Сондай-ақ, ол миллион теңге айыппұл да төлеуі тиіс.

ывыв

Сурет kapital.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Жетекшінің дүние-мүлкі де тәркіленбек. Мұның барлығы – бар-жоғы үш әріп кесірінен болып отыр.

Неке бөлімінің жетекшісіне Әділ есімді азамат хабарласып, есімін Әділбек деп өзгерткісі келетінін айтады. Жағдайды тез арада шешіп беру үшін шенеунік әйел 20 мың теңге сұраған.

Алайда Әділ үш әріп үшін, бақандай 20 мың теңге сұраған шенеунікпен келіспейді. Сонда әр әрпін 7 мың теңгеден бағалаған қызметкерге ашуланған азамат, коррупцияға қарсы қызмет өкілдеріне хабарласып, олар неке бөлімінің жетекшісін тұтқындаған.

Талқылау