Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік оқушы қыздар Карден топтамасының көрсетіліміне қатысты

Семейлік оқушы қыздар көпшілікті тәнті етіп Мәскеудегі сән апталығына қатысты. Динара Баймұратова мен Диана Бақтиярқызы белгілі француз модельі Пьер Карденнің топтамаларына қатысты. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Безымянный

Сурет lady.mail.ru

Ресейдің басты сән сахнасында өнер көрсетуге әртүрлі елдің 200 өкілі үміт білдірген. Екі семейлік 15 және 16 жастағы қыздар үздік жиырмалық қатарына енеді. Әділқазылар тек модельдік артықшылықтарды ғана емес, табиғи сұлулықты да есепке алған. Нәтижесінде екі семейлік аса қатаң іріктеуден іркілмей өтіп, Пьер Карден топтамаларын таныстыру бақытына ие болды. Енді олар Парижді таңқалдыруға дайындалып жатыр.

c20f6efa451865cc7a8aaf15d4150998

“Мен басыма шляпа, әдемі тон кидім. Өзімді подиумда нағыз ханшайым сезіндім. Көрермендер қатарында баронесса де Буар, Вячеслав Зайцев, Валентин Юдашкиндар отырды”, – дейді модель Динара Баймұратова.

щшгн

Талқылау