Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік қыз әлем байқауында жеңімпаз атанды

Семейлік ару Лейла Құлжанова Мәскеуде өткен «World Beauty 2018» байқауында жеңіске жетті.

Бұл туралы үміткер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сән үйінің ұймдастырушысы Слава Зайцевтің байқауына 20-дан астам мемлекеттің байқау жеңімпаздары қатысты. Мыңдаған адам іріктеуден өту үшін Ресейде, Мальтада, Македонияда, Қазақстанда, Вьетнамда, Францияда, АҚШ-та, Түркияда және басқа да елдерде халықаралық байқауларан өтті. Семейлік Лейла Құлжанова 2018 жылғы Әлем аруы байқауына қатысып,  Grand-Prix-Mrs титулын иеленді. Байқау 36-40 жас аралығындағылар үшін өтті.

Лейла – бизнес жүргізіп отырған әйел. Банк құрылымында жұмыс істеп, қайырымдылықпен айналысады. Қазақстандағы әйелдер ассоцияциясының мүшесі.

Барлық қатысушы сыйлықтар алды. 50 мың доллардың сертификаты табыс етілді. Келер жылы «Universe Beauty 2019» байқауы Пьер Карденнің жетекшілігімен өтеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау