Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік бойжеткен рак ауруымен қалай күресіп жатқанын айтып берді (фото)

Марина Лавриненко 3 жылдан бері ауыр дертпен ауырып келеді. Бінеше рет химиотерапия алған соң қыздың шашы мен кірпігі түсіп қалған, деп жазады “Время”.

gotovo

2014 жылы Марина сәулетші мамандығын бітіріп, Омскіден Семейге оралды. Ол жұмысқа кірісер алдында дәрігер қарауынан өтеді. Дәрігерлер 24 жасында оның қатерлі дертпен ауыратынын айтқан.

«Менің еш жерім ауырмайтын. Көз жасыма ерік бердім. Өмірім аяқталатынын сенбедім. Сосын күш-жігерімді жинап алып, жазылғаша күресем деп шештім», – дейді Марина.

19756541_244871489364456_6012777057987448595_n

Маринаның ракқа қарсы терапияның әсерінен әлсіздік пайда болып, тәбеті жоғалды, жүрегі айнитын болды, шаш-кірпігі түсіп қалды.

«Шашым беліме дейін түсетін. Достарыма шашымды қысқартқым келді деп жауап бердім. Ауруым жайлы тек жақындарым білді», – дейді Марина.

Үш рет химиятерапия алғаннан соң барлығы артқа қалған дай болады.

e547d0d81a69f28eafe9d61f5618e85e__1200x630

«Шашымды иығыма дейін өсірдім. Әлсіздігім басылған соң, картина сатушы болып жұмысқа кірдім. Бұл менің мамандығыма сәл де болса жақын еді», – дейді бойжеткен.

Алайда 2016 жыл өмірі күрт өзгерді. Бойы 172 сантиметр болатын қыздың салмағы 40 келіден сәл ғана асты.

«Мен ауырып жатқанда да небір ойлар санамды жаулап алды, бірақ ауруды жеңем деген үмітімді үзбедім», – дейді Марина.

Ол желіде өзінің дерті жайлы алғаш рет баяндап, ақшалай көмек сұрайды.

Дертінің емі мен дәрілері өте қымбат еді. Ол уақытта ата-анасы қызын емдетемін деп, қарыздан қарызға кіріп кеткен еді.

20170529190119_82249-3

Марина осыншалықты бейтаныс жандардың қол ұшын беретінін білген жоқ.

«Көп адам сенің саулығыңды тілеп жатқанда, адамға кәдімгідей күш береді. Физикалық тұрғыдан бөлек, моральді тұрғыда қолдау берген маңызды», – дейді ол.

Төртінші рет химиотерапия қабылдаған соң Марина аздап салмақ қосып, жақсара бастайды.

Маринаның шашсыз келбеті фотосуретшілердің назарына ілігеді. Осылайша қысқа уақыт ішінде ол модель болып шыға келді.

Марина әрбір қиындықтың соңы жақсылықпен аяқталатынын айтады. Сүйгенімді тауып, бақытты әйел атанам деп сенеді.

Тағы да оқыңыз:

Асқазанда құрт барын қандай белгілерге қарап білуге болады?

Құрылысшылар ерекше кемпірқосақты видеоға түсіріп алды (видео)

Астаналық таксист шетелдік жолаушылармен 36 тілде сөйлесе алады

Талқылау