Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік әжей бүгін 101-ші көктемін қарсы алды

Ғасыр жасаған әжейді Халықаралық әйелдер күнімен қала белсенділері және мектеп оқушылары құттықтады. Он жылдан бері қарттар үйінде тұрып жатқан еңбек ардагері Анна Слонская тағдырына дән риза. Өткен ғасырдың төңкеріс кезеңін де, аштық жылдарын да, соғыстың зардабын да бастан кешкен қария көпшілік шаралардан қалыс қалған емес.

1c874228991f7152e9e1607d897d1e9b_L

Бұл туралы 24.kz сайты хабарлайды.

Бұл жолы да мерекелік концертті тамашалап, жастарға ақыл-кеңесін аямады. Қан майдандағы жеңісті жақындату үшін аянбай тер төккен әжей жергілікті зауыттардың бірінде ұзақ жылдар жүк тасушы болып жұмыс істеген. Ол ұзақ жасау үшін қиындыққа мойымай, еңбекқор болу керек деп есептейді.

“Ұзақ өмір сүрудің ерекше құпиясы бар деп айта алмаймын. Бұл құдайдың берген қуаты деп ойлаймын. Ең бастысы жүрегіңде жақсылық жасауға деген құштарлық болсын. Ешкімге жамандық ойлама”, – дейді Анна Солонская.

Талқылау