Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейлік әйел дәретханада басқа әйелмен қатынасқа түскен күйеуін сабап өлтірді

Семейлік әйел азаматтық некедегі күйеуін жалаңаш қолымен майып қылған.

4291-600x415

Фото: krpress.ru

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.

38 жастағы әйел мен оның күйеуі жігіттің анасының үйіне қонаққа келеді. Аздап ішкеннен кейін, жатып қалған. Ал таңертең ащы судан ұрттауды тағы жалғастырады. Ер адам аулада орналасқан дәретханаға шығып кетеді. Бірнеше минуттан соң әйелі де ізінен шығады. Сол кезде ағаш күркенің ішінен әйелдің дауысын естиді.

Есікті ашып қалған кезде әйел аңырып тұрып қалған: күйеуі мен көрші әйел қатынасқа түсіп жатады. Әйел бұл екеуі кездейсоқ емес, бұрыннан кездесіп жүр деп ойлап үлгереді.

Қатты шошынған күйде болған әйел, күйеуі аулаға алып шығып, қалай сабағанын да онша білмейді. Ер адам қашып құтылып үйге кіргенімен, әйелі қуып келіп оны ұруды жалғастырады. Нәтижесінде зардап шегушінің ішкі органдары қатты зақымданған.

Ер адам сотқа жетпей қайтыс болды. Алайда оның азаматтық некедегі әйелі еркектің өліміне айыпты ретінде танылмаған. Семей қалалық №2 соты денеге ауыр жарақат салғаны үшін әйелді 3 жарым жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Сот отырысында төреші Руслан Күлекбаевты орнынан тұрғыза алмады

АҚШ-та әйел сәбилі болатынын босанардан жарты сағат бұрын білген

Ғалымдар сәтті жыныстық қатынастың қанша уақытқа созылатынын айтты

Қайрат Нұртас қазақстандық “Голос” жобасына үміткер ретінде қатысты (видео)

Талқылау