Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдің іргесінде 50 шаңырақ қар құрсауынан шыға алар емес

Ақтүтек боранмен жағаласып жауған ақ ұлпа қалаға қатынайтын жалғыз жолды басып қалған. Жергілікті биліктен көмек сұраған жұрттың базынасына бір апатадан бері құлақ асқан жан табылмапты. Шенеуніктер қауырт жұмыстан қала шетіне жете алмай жатырмыз деп ақталып әлек деп хабарлады КТК телеарнасы.

CBA383F6-C6A4-4F0B-A268-3C7F3A225452_mw1024_s_n

Сурет rus.azattyq.org сайтынан алынды

Семейдің дәл іргесінде орналасқан 50 шаңырақ болашағы жоқ ауылдардан көшіріліп әкелінген. Ал борай жауған қардың құрсауында қалғанына бүгін жетінші күн. Жұрт әкімдікке қанша хабарласқанымен еш нәтиже шықпапты. Олар барлығын күнде ертең қатырамыз деп жүргенде отын-суымыз таусылып, өзіміз аш құрсақ қалатын болдық, дейді тұрғындар.

“Жедел жәрдем шақырсаң келе алмайды. Қар деген қалың. Көмір жағы ол жоқ. Қалай жан бағамыз? Үйдің іргелерін су алып қалды”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Үмітқажы Құрманғалиев.

Белуардан келген қарға көлік тұрмақ жаяу адам да жүре алмайды. Соның салдарынан қала мектептерінде білім алатын оқушыларға мезгілсіз демалыс жарияланған. Ал неше күннен бері қызыметіне уақытылы бара алмаған тұрғындардың алды тауып отырған нанынан қағылыпты.

“Техникаларымыз мүлдем жүре алмайды. Мен нан таситын болып қызмет атқарған едім. Кеше бір жарым сағат батып, басты жолға жете алмай жаттым. Міне, соның кесерінен бүгін қызыметімнен босап отырмын”, – деп мұңын шақты Семей қаласының тұрғыны Руслан Мәметәжиев.

Жергілікті шенеуніктер ақпанның ақтүтек бораны мен шамадан тыс жауған ақ ұлпасын күтпеген сыңайлы. Сондықтан техника орталық көшелерді тазартудан босамай жатыр.

Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Ерлан Уәлиев, көшелердің жоспарлы түрде тазаланып жатқанын, алайда үлгерудің қиынға соғатынын айтты.

Семейге бір аптаның ішінде жауған қардың қалындығы шамамен метрге жуықтапты. Шеткері аймақтардың омбылары одан да биік. Ал қаладан небәрі 3 шақырып жерде отырса да, орталықпен байланысы үзілген ауылға грейдер енді жіберілген.

Талқылау