Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдің аспалы көпіріне шығып кеткен азаматтың ісі жұртты дүр сілкіндірді

Семейдің аспалы көпірінің биігіне шығып, қауіпі әрекеттер жасаған азаматтың ісі жұртты дүр сілкіндірді. Құс ұшатын биіктікте шыққан ол аяғын көкке көтеріп, қол бұлғап, білгенін істеген.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Азамат тіпті ұялы телефонымен сөйлесіп, селфи жасап та үлгерген көрінеді.  Ертістің екі жағалауын жалғап тұрған бұл көпірдің биіктігі 100 метр. Жүрек жұтқан азамат ішімдік ішіп алыпты. Әйтеуір өткелмен әрі-бері жүрген ол аман есен жерге түскен. Бұл уақытта жедел жәрдем, төтенше жағдай қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жерде күтіп тұрған.

– «Оқиға болған жерге келген полиция наряды 1980 жылы туған Алматы обылысының бір ауылында тұратын «Б» деген азаматты анықтап қалалық айықтырғышқа жеткізді», – дейді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада ер адам көпірден секіріп мерт болды

Елордада 15-ші қабаттан секіріп кеткен жігіт қаза тапты

Астанада кішкентай сәби 5-ші қабаттан құлап аман қалды

Павлодарда ер адам 12-қабаттан құлап мерт болды

Талқылау