Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдің әкімі берешегі бар халыққа өзі телефон соғуға мәжбүр

Арқаны кеңге салған семейлік шенеуніктерге тықыр таянды. Олар облыс әкімінің орынбасарынан жылуға қарызы барлардан қаражат жиналмаса жұмыстан кетесіндер деген сөз естіп қалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

аымв

Сурет akimsemey.gov.kz

Бүгінде, коммуналдық мекеме жарықпен қамтамасыз ететін монополистке 1млрд теңгеден аса қарыз екен. Енді, сасқандарынан жылудың қажеті шамалы шақта, берешегі бар тұтынушыларды орталық жүйеден ажыратып жатыр. Мына 9 қабатты баспана тұрғындарының жылуға қарызы 2 млн. 600 мың теңге. Тұрғындардың біразы тіпті талай жылдан бері көк тиын төлемеген. Сондықтан бір пәтердің қарызының өзі 200 мыңнан асып жығылады.

Коммуналшылар күнде осылай борышкерлердің үйлерін аралап жүр. Өйткені облыстағы басшылық 1 маусымға дейін тұрғындардан қарыздың көк тиынын қалдырмай жинауды бұйырды.

“Коммуналдық қызмет тауар сияқты. Мысалы, дүкеннен бір нәрсе алса ақшасын төлейді ғой. Ал жылуға келгенде неге төлемейді? Бұл сіздердің әлсіздіктеріңіз. Неге жүйелі жұмыс жүргізіп, жылудан ажыратпайсыңдар”, – деді ШҚО әкімінің орынбасары Димитрий Гариков.

Тапсырама мерзімінде орындалмаса, жауаптылар жұмыстан қуылады сес көрсетті облыс басшысының орынбасары. Жалпы коммуналдық мекеме жарыққа 1млрд. теңгеден аса қарыз. Онымен қоса, келер қыстан қысылмай шығуға дайындық жүргізу тағы бар. Ал сөз естіген семейлік қызметкерлер қарыз жалғыз бізде емес деп ақталғандай болды.

“Мұндай қарыз барлық қалада бар. Жалғыз бізде ғана емес. Жұрт төлем жасауға асықпайды. Ал біздегі 1 млрд. теңгеден асқан қарыздың 700 млн-ы жеке тұлғаларға тиесілі”, – дейді Семей қалалық «Жылукоммунэнерго» МКК бөлім басшысы Гауһар Жетпісбаева.

Коммуналшылар кешқұрым рейдке шығып, жылу үшін қарызы барларды жаппай ажыратып жатыр. Сондай-ақ, кейбір тұрғындардың дүние- мүлкін тәркілеуде. Тіпті қала әкімінің өзі борышкерлерге қоңырау соғуға мәжбүр. Алайда дәл қазір жылудың жұртқа керегі жоқ болғандықтан, олар бәрібір төлемақы жасауға асығатын емес.

Талқылау