Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейді су басып Венецияға айналды

Көшелердегі тізеден келетін судан адамды қойып, көлік қозғалысы да қиындаған.

photo_75939

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Кешқұрым үскірік аяздан  жерге мұз қатып, тұрғындардың жүріс-тұрысы да қиындады. Оны қойып, сабаққа дейін тоқтатылып қалған.

Еріген қар суы  мен жауған жаңбырдан соң Семей көшелерінде еркін жүруге мүмкіндік жоқ . Қаланың коммуналдық қызметтердің  көшені тазартып, тұз-құм себуге техникасы жетпей, халық зардабын тартуда. Діттеген жеріне  жете алмаған жұрт барлық қиындықты тиісті тұлғалардың жауапсыздығынан көреді. «Қарлы суықтың жеткенін біле тұра, дайындықсыз отыру – әкімшіліктің қалыпты әдеті» деп ренжулі.

Семей қаласының тұрғыны Балтабай Сыздықовтың айтуынша, қалада тазарту жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Жолдың барлығы көктайғақ.

Мамандардың сөздеріне сенсек, қала көшелерін мұз бен судан тазартуға мекеменің 36 техникасы жұмылдырылып,  басты  көшеге 500-ден аса текше метр құм мен тұз себіліпті.

Көк тайғақ тек жаяу жүргіншілердің ғана емес, сондай-ақ көлік тізгінінде отырған адамдарға да қауіп төндіруде дейді жол сақшылары.  Кешелі бері 20-ға жуық жол көлік оқиғалары тіркеліп,120 адам сынық – жарақат бөліміне түскен.

Сынық- жарақат дәрігері Әділет  Рахманов: «Екі күн бойы көктайғақтан біздің сынық – жарақат бөліміне келіп түскендер саны 120 адамға жетті. Барлығы да мұзға оңбай құлағандар».

Желтоқсан бойы  қардың орнына жаңбыр жауып, ызғардың орнына жылы күннің келуі  Семей тұрғындарын біраз әбігерге түсіруде.

Ал синоптиктер алдағы бес күн бойы ауа – райының осы қалыпта сақталатынын айтуда.

Талқылау