Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейді қоқыстан тазартамыз деп уәде еткен депутаттар жұртты алдап соқты

Семейдің шетінде орналасқан бүтіндей бір кентің тұрғындары қоқыстан арыла алмай жүр. Жұрт талай табалдырықты тоздырып, арызданғанымен, коммуналдық қызмет тау болып үйіліп жатқан тұрмыстық қалдықтарды тазартуға асығар емес. Тек айналасын полиция күзетіп, қоқыс төккізбеуге тырысқанымен оның пайдасы тимей тұр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

мымы
Мұндағы қоқысты облыстық мәслихатқа сайланғанғысы келген талай депутат тазартамыз деп ант-су ішкен. Тіпті, кейбіреуі көз бояушылық жасап, екі-үш күн білек сыбанып қоқыс жинаған сыңай танытыпты. Алайда, сайланып алған соң қалдық үйілген алаңға ат басын тіреген ешкім жоқ.

“Енді бізге 3 млн ақша бөлінді деді депутаттар. Мына, Жоламан мен Кирпичный ауылын тазалау үшін. Сөйтіп 4-ші Кирпичныйдан бастады көп-көрім. Ал, біздікін тазалауға ақша жетпей қалды деді”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Нұрсұлу Мұхамедиярова.

Тау болып үйіліп жатқан қоқырдан шықққын қолаңса иіс қолқаны қапқаны өз алдына. Бүгінде төңірегіне қаңғыбас ит-мысықпен қатар егеуқұйрықтылар жортып кеткен. Олардан жұқпалы дерт тарағандықтан балаларымыз екі күннің бірінде аурухана табалдырығын тоздыратын болды дейді жұрт.

Биіктігі шашамен 3 метр болатын қоқыс көшенің қақ ортасындағы мұнара іспетті. Мұның бұлайша жайылып кеткеніне тұрғындар өздерінің де кінәсі барын жасырмайды.

“Міне, мына жақтағы көршілер түнде келіп тастайды. Ал, күндіз біз қарап жүреміз. Мына жақтан ана кісі, мына жақтан мен күзетемін. Бәрібір тыңдамайды”, – дейді Семей қаласының тұрғыны Ботагөз Әбдианова.

Бүгінде бұл аймақты полиция қызметкерлері қатаң бақылауға алған. Жыл басынан бері үйіндегі қалдықты осында әкеп 35 адамның әрбіреуіне 40 мың теңге айыппұл да салыпты. Мұнда тек коммуналшалар ат ізін салмайтын болған. Тұрғындар енді қоқыс түгел шығарылып, орнына арнайы жәшіктер қойылғанын сұрап отыр.

Талқылау