Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейден Астанаға қатынайтын пойызға “Абай жолы” деген атау берілді

“Астана-Защита” бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға “Абай жолы” атауы берілді. Мұндай шешімге Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы зиялы қауымы өкілдерінің ұсынысы негіз болған.

88b9f20d34a6227f64e6d1fe23cd3a18_crop_l_3_t_197_w_5462_h_3073

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Биыл Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады. Бұл – ұлы жазушының әдеби мұрасын насихаттаудағы нақты қадам. Біздің ұсынысымызға қолдау білдірген ұлттық тасымалдаушы компания басшылығына алғыс айтамыз”, – дейді бастамашы топтың мүшесі, Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік мұражай-қорының директоры Болат Жүнісбеков.

“№67/68 “Астана-Защита” жүрдек жолаушылар пойызы отандық “Тұлпар-Тальго” вагондарымен жасақталған және күн сайын жүреді. Жолдағы уақыты – 16 сағат 30 минут”,-деп хабарлайды “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде республикалық және мемлекетаралық бағыттар бойынша “Алатау”, “Ақжайык”, “Жетісу”, “Сарайшық”, “Ақсұңқар” және т.б. атаулы пойыздар қатынайды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық психолог секс туралы балаларға ерте жастан айтпауға кеңес берді

Оқушының таусылмайтын проблемасын жіпке тізген анаға министрдің өзі жауап берді

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Талқылау