Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдегі мүгедектерге арналған тұрақта ерекше шара өтті

 

Семейде мүгедектер құқын қорғау конвенциясын қолдауға арналған ерекше шара өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көлік тұрағына арнайы экран қойылып, арбаға таңылған ару көлік жүргізушілерін қатаң ескертумен болды.

мүгедектер тұрағы

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Шараның мақсаты – осындай түйткілді мәселелерге қоғам назарын аудару. Әйтпесе арнайы жол белгісі тұрса да, 12 мүшесі сау адамдардың кез келген жерге көлігін тастап кете беретіні жасырын емес.

«Әрине біз барлық азамат көлікпен жүреді деп айтпаймыз. Бірақ көлігі жоқ азаматтар инватакси қызметін қолданатынын біз ұмытпауымыз керек. Осы азаматтарға инватакси келіп, арнайы тұраққа келіп, ыңғайлы жақын жерге тоқтау керек. Осыған қолайлы жағдай жасау – біздің мақсатымыз»,-дейді БҰҰ Даму Бағдарламасының менеджері Рауан Қалиев

Талқылау