Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдегі қайырымдылық дүкенінен зат алу үшін енді бір ғана “рахмет” жеткіліксіз

Семейде ашылған қайырымдылық дүкенінде заттарды тегін таратуға шектеу енгізілді. Енді бұл жерден зат алуға келгендерден құжат талап етіледі. Бұл арқылы ұйымдастырушылар “кездейсоқ клиенттер” мен шынайы қажет етушілердің ара-жігін ашып алмақшы.

af441831eb90a506d54a26e40194d43a_XL

Бұл туралы informburo.kz сайты хабарлайды.

“Барлығы рахмет үшін” деп аталатын дүкеніндегі тауарлар, енді өзінің материалдық жағдайы төмен екендігі туралы құжатты көрсеткен адамға ғана беріледі. Осыған қатысты дүкеннің кіреберісіне арнайы хабарлама да ілінген. Әкімшіліктің есебінде тұрмаған немесе мемлекеттен әлеуметтік көмек алмайтын адамдар бұл дүкеннің тауарларын пайдалана алмайды. Бұдан бөлек, клиент отбасындағы бір адам үшін әрі кетсе екі зат ала алады. Осыдан соң жаңадан ашылған дүкенге келушілер саны күрт азайған.

“Ашылған алғашқы күні-ақ дүкенге келген адамдар саны есепсіз болған. Олардың қайсысы мұқтаж жандар, ал қайсысы “кездейсоқ” адамдар екені тіпті белгісіз болған. Олар үлкен сөмкелерге тауарларды толтырып салып алып, көліктеріне тиеп алып кеткен. Сондықтан да бұл жерде қандай да бір ереже болып, құжат талап ету орынды сияқты”, – дейді семейлік Ольга Нестеренко.

Еске сала кетсек, дүкен ашылған күні-ақ келушілердің қарасы қалың болған. Сол кезде “Барлығы рахмет үшін” жобасын ашқан Людмила Михайлова дүкен барлық мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеді деп мәлімдеген болатын.

Талқылау