Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейдегі интернат директоры өз қызметкерінің педофил екенін 17 жыл бойы жасырып келген

Прокурордың айтуынша, Семейдегі мектеп-интернат басшысы қызметкерінің  бүлдіршіндерге азғындық әрекет көрстіп, жыныстық қатынасқа әжбүрлеп келгенін бұыннан біліп келген.

ped_76

Сурет: novosti-saratova.ru 

Бұл туралы Время газеті хабарлайды.

11 мамыр күні бүлдіршіндерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін 20 жылға сотталған интернат тәрбиешісі тергеу изоляторында асылып қалған еді. Ол оған дейін мектеп интернатта педагог болып қызмет еткен. Сотталушы 17 жыл бойы 12-14 жас аралығындағы бүлдіршінлері зорлап келген. Осы іске жауапты прокурорлардың сөзінше, қызметкерінің педофил екенін интернат басшысы да біліп келгенге ұқсайды. Алайда, шу шығып кетпес үшін жылы жауып қоя салған.

«Бұл қылмыстық іс ұзақ жылдар бойы жүргізіліп келді. Іске қатысы бар барлық қызметкерлерді жауапқа тартамыз. Олардың арасында тәрбиешілер, дәрігерлер, психологтар да бар. Біз тек жәбірленушілердің айтқанына сүйеніп отырмыз. Алайда, олар кішкентай болғандықтан, тергеу жүргізетін боламыз. Интернат басшысы Серікбай Әбілқасымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалып жатыр», – дейді Семей прокуроры Жанар
Қанғожина.

Қанғожинаның айтуынша, мектеп-интернаттың қызметкерлері ұжымда педофилдің жұмыс істегенін жақсы білген.

«Интернат басышысы қызметкерінің қылмысын жақсы білген. Өйткені оған үлкендер де, балалар да келіп шағыманған. Алайда, басшы оның рас-өтірігін өзі шешкен. Ол мұны полицияға хабарлауы керек еді. Ол олай істемеген. Сыртқа шу шығармауын қалаған. Тіпті, 2014 жылы қылмыстық іс қозғалған уақытта интернаттың психологы мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары балаларды полицияға ешнәрсе айтпауға көндіріп, іс сол күйі жабылып қалған болатын», – дейді прокурор.

Педофил Борис Сополевтің күдікті әрекеттерін әріптестері 2000 жылы байқаған екен. Арызданушы Фатима Ильчегулова оны бүлдіршінді жыныстық қатынасқа көндіріп жатқан жерінде үстінен түссе де, басшылық мұны жылы жауып қоя салған. Ильчегулова 2014 жылы прокуратураға арыз жазған. Алайда, еш дәлелдің жоқтығынан іс қозғалмаған. 2015 жылы прокурорлар интернат қызметкерін шақырып, қайта арыздануын сұрайды. Содан кейін Борис Сополев қамауға алынды. Оның 17 жыл ішінде 14 бүлдіршінді зорлап келгені анықталды. Сот оны кінәлі деп тауып, 20 жылға бас бостандығынан айырған.

Сот үкімі 8 мамыр күні заңды күшіне енген. Алайда, сотталушының денесі тергеу изоляторында асылып қалған күйінде табылды. Полицейлер оны өзіне қол жұмсады деп болжап отыр. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да оқушыларды жыныстық қатынасқа итермелеген мектеп директоры сотталды

Талқылау