Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде үшемдерді өмірге әкелген жалғыз басты келіншек далада қалғалы тұр

Шиеттей 3 ұлымен некелі жары тастап кеткендіктен бүгінге дейін Аналар үйін паналап келген. Енді, мекеме тәртібі бойынша 29 жастағы Айнұр Исаинова екі айдан кейін ол жерден де кетуі керек. Оған қоса бір ұлы сал ауруларымен туған. Сондықтан келіншек баласының емі үшін қайырымды жандардан көмек сұрауда, – деп хабарлайды ктк арнасы.

Снимок экрана (56)

Отағасы Ілияс, Диас, Мирас есімді үш ұлынын өмірге келуін асыға күтіпті. Алайда, балалары екі айға толғанда ол жұмыс істеймін деген Астанаға желеумен кетіп, қайтып оралмаған. Ал, нәрестелерімен жалғыз қалған Айнұр жолдасынын із-түзсіз кетуіне Мирастың сырқаты себеп дейді. Өйткені, туа бітті сал және талма дертіне душар болған ұлынан безген көрінеді.

«Ол, алимент төлемейді .Шындығына келгенде сот орындаушылар оны іздемейді де. Соның кесерінен әр балаға 2 мың теңгеден жәрдемақы ғана  аламын. Ал, толық рәсімдеу үшін әкесінің құжаты қажет. Қазір іздеуде жүр», – дейді үшемдердің анасы Айнұр Исаинова.

Өздігінен отыра алмай сіңірі тартыла беретін баланың сырқатына еліміздің дәрігерлері араша түсе алмаған. Тек оның аяқтан тұрып кетуіне қытайлық мамандар кепілдік беріпті. Бірақ, оған жұмсалатын қыруар қаражат Айнұрдың қолында жоқ.

Бүгінде, олардың Аналар үйін паналағанына бір жылдан асыпты. Мұнда одан артық ұзақ тұрақтауға болмайды. Сондықтан барар жер басар тауы жоқ келіншек үшін баспана да қайғыға айналып отыр. Ал, өздері тіркелген пәтер кезегінің қашан келетіні тағы белгісіз. Енді, үшеммен далада қалудан қорыққан ана қайырымды жандарға алақан жаюға мәжбүр.

Талқылау