Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жоғалып кеткен 19 жастағы қыз табылды

Семейде тоғыз күннен соң жоғалып кеткен 19 жастағы Анастасия Семенов аман-есен табылды.

nashlas_

Фото: © atusaludenlinea.com

Бұл туралы Устинка LIVE хабарлайды.

“Бізге Настяның анасы хабарласып, полицейлер оның қызын тапқанын айтты. Бақытқа орай, бәрі жақсы аяқталды. Қыз қазір үйінде. Басқа мән-жайға қатысты ештеңе айта алмаймыз”, – дейді ерікті Евгения Павел.

Ал жоғалған қыздың өзі әлеуметтік желіге жазба қалдырып, онда осы уақыт ішінде Өскеменде болғанын айтыпты.

“Осы уақыт ішінде Өскеменге барып, жұмыс істеп ақша тапқым келді. Әрі ерікті болып та жұмыс істедім. Неге кетіп қалдым және неліктен ескертпедім? Тағы да өмірлік жағдайдың әсері, бәрін тастай тұруға тура келді. Мені іздеуге атсалысқандарға алғыс айтамын”, – деп жазады қыз.

Оқи отырыңыз:

Алматы әкімдігі балаларды өрттен құтқарған десантшыны марапаттады

Алматы облысында үйі өртенген отбасы шиеттей бала-шағамен күркеде тұрып жатыр

Түрмедегі Жамалиевтің VIP-камерасы: Сыра ішу, қыздармен көңіл көтеру

Қарағанды облысында 13 жастағы қыз 17 жастағы жігітімен қашып кетті

Талқылау