Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде жетілмей туылған сәбилердің мүсінін қатырып мұражайда сақтаған (фото)

Семей мемлекеттік медициналық университетінің оқу анатомиялық музейінде 20-ға жуық туа бітті ауытқуға ұшыраған сәбилердің қатырылған, мүсінге айналған бейнелері жинақталған.

38e30cfceb869b534ae8b5ebad7011f8

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

d05f0f1ba57b1b572dfaa19463440571

Мұнда келушілердің көпшілігі, мұндай ауруға ұшырауға бірінші кезекте Семейде ұзақ жылдар бойы сынақ жасаған ядролық полигонның зардабы дейді.

dc27223a473b163a5959f8b11ac61d38

Ал университет қызметкерлерінің айтуынша, дәл осы жағдайға нақты ядролық сынақтардың қатысы бар екендігі тікелей дәлелденбеген.

ea98ca7ead30998e2c28763a1a9d0d66

“Аномалия мен мутация белгілері табиғатта бар. Мұндай жантүршігерлік бейнелер сонау Петр I заманында да болған. Ал ол кезде ешқандай да ядролық қару жоқ болатын”, – дейді ғылым кандидаты Ирина Милюшина.

b613f9a8e8ccdda103b8394a42497952

Дегенменде адамдардың біразы жергілікті жандардың бұлайша қиындыққа ұшырауына ядролық сынақтардың қатысы бар екендігіне күмәнданбайды. Алайда экологиялық мәселемен қатар, ұрықтың дамуына басқа да факторлардың әсер ететіндігі анық.

05518608319a252b24b181a09df40ad2

“Бұл жалғыз көз (циклоп) бізге 1984 жылы келді. Ұрық оның кіндігін кескеннен соң қайтыс болған. Онда ауыз, мұрын жоқ. Бір анығы оның анасы 40 жыл бойы арақтан бас алмаған адам екен. Бұл да әсер етуші бір фактор”, – дейді анатомия және гистология кафедрасының аға оқытушысы Наталья Щетинина.

5bbd9e83c22edbfba64fa608a98584fc

Мұндағы экспонаттардың ешқайсының атауы жоқ. Олар туа салысымен ата-аналары бірден бас тартқан. Енді міне бірнеше жылдар бойы олар болашақ дәрігерлердің оқу құралдарына айналып тұр.

Илья Миллер
Талқылау